“Саяси шешім”. “АрселорМиттал” кетеді, “Северсталь” белгісіз

1809
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "АрселорМиттал" компаниясындағы кезекті болған қайғылы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оқыс оқиғаға байланысты аталмыш компанияның Қазақстаннан кететінін мәлімдеп, нақты саяси шешім қабылданғанын айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Қаржы министрінің хабарлауынша, қазір меншік иесімен келіссіөздер жүргізіліп жатыр. Дегенмен,  министр Үкіметтің ресейлік "Северсталь" компаниясымен келіссіөздер жүргізіп,  Митталдың активтерін сатып алуға қамданып жатқан-жатпағандығын ашып айтпады, деп хабарлайды "Власть" басылымы.

"Сіз бәрін өз құлағыңызбен естідіңіз, мәлімдеме жасалды. Бұл мәселемен [Премьер-министрдің бірінші орынбасары] Роман Скляр тікелей айналысады", - деді Жамаубаев.

Министр мұндай аса маңызды келіссіөздермен "белгілі бір адамдардың тобы" айналысуы керек екенін атап өтті. Өйткені бұл "аса маңызды келіссіөздер процесі" болуы тиіс.

"Егер әркім бұл мәселеге өз деңгейінде біржақты түсініктеме берсе, бұл бізді дұрыс жолға бастамайды. Сонымен қатар, бұл келіссөздер процесіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан мәлімдеме жасалды. Саяси шешім (Митталдың Қазақстаннан кетуі бойынша - Ред.), менің ойымша, нақтыланды. Сондықтан біз бұл бағытты жұмыс істейміз", - деп басылым министрдің сөзін алға тартты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер