Тіршілік көзінен тарығу. Қырғыз тарапы өздерінде судың жоғын айтып, ағынан жарылды

1552
Adyrna.kz Telegram

Бұған дейін Қырғыз Республикаснының Қазақстанның Жамбыл облысына суармалы су беруді тоқтатқаны белгілі боған еді. Көрші елдің билігі Қырғызстанның өзінде су қалмаса да, шарттың бір бөлігін орындадық деп мәлімдеді. Сонымен қатар, су тапшылығын танытқан қырғызстандық азаматтың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Бізде су қалмаса да, біз өз міндеттемелерімізді толығымен орындадық. Су жоқ. Егер су жоқ болса, біз не бере аламыз? Біз суды қасақана бермеді деп ойламаңыз", - деді Ауыл шаруашылығы Министрлігі жанындағы Қырғыз ирригация ғылыми-зерттеу институтының директоры Ұлан Чортомбаев.

Тағы бір айта кетерлігі, бір күн бұрын әлеуметтік желіде қазақстандықтарға жүгінген қырғызстандықтың видеос пайда болды. Ол қырғыздың су қоймаларында су қалмағанын атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер