Соғыс бір жарым жылға жалғасқанда Украина тәуелсіздігіне 32 жыл толды

1499
Adyrna.kz Telegram
Фото: novy.tv
Фото: novy.tv

Бүгін, 24 тамыз Украинаның тәуелсіздігі күні. Атаулы күнде Украина Президенті Владимир Зеленский, Украина Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Валерий Залужный, СБУ басшысы Василий Малюк және Украина Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы Александр Сырский барша украиналықтарды ең маңызды мерекелерімен құттықтады.

Бүгін біз тәуелсіздігіміздің 32 жылдығын — Украинаның тәуелсіздігін тойлап жатырмыз. Бұл әрқайсымыз үшін құндылық. Міне, біз сол үшін күресіп жатырмыз. Ал бұл күресте барлығы маңызды. Өйткені бұл күрес барлығына маңызды нәрсе үшін. Бұл тәуелсіз Украина.

Үлкен соғыста кішігірім іс болмайды. Қажетсіздері жоқ. Маңыздысы жоқ. Бұл адамдарға, әрекеттерге және сөздерге қатысты. Біз Украинаның тәуелсіздігін тойлағанда, әркім өзін оның ішінде сезіне алады”, деді құттықтауында.

Айта кетейік, бүгін, Ресейдің Украинаға ашқан соғысына тура бір жарым жыл болды.

Еске салайық, 2022 жылы ақпанның 24-інде Ресей президенті Владимир Путиннің армиясы Украинаға солтүстіктен, шығыстан және оңтүстіктен басып кірді. Путиннің айтуынша, бұл "арнайы әскери операцияның" мақсаты - этникалық орыстарды қорғау, Украинаның НАТО-ға  өтуіне жол бермей, оны Ресейдің "ықпал ету аймағында"  ұстап, "демилитаризациялау" және "нацистерден тазарту". Алайда Киев пен Батыс бұның бәрін демократиялық жолмен сайланған үкіметі мен туыстары Холокостта қырылған еврей президенті бар мемлекетке қарсы заңсыз агрессия деп есептейді.

Пікірлер