Путин Пригожиннің отбасына көңіл айтты

1491
Adyrna.kz Telegram
Фото: Кремль баспасөз хатшысы
Фото: Кремль баспасөз хатшысы

Ресей президенті Владимир Путин «Вагнер ПМК» компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин мен ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ВВС жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Путиннің айтуынша, "бастапқы деректер" Тверь облысында құлаған ұшақта "Вагнер" тобының қызметкерлері болғанын көрсетеді.

Мен Пригожинді 90-жылдардың басынан бері білемін. Тағдыры қиын болған ол өмірде өрескел қателіктер жіберді, қажетті нәтижеге де қол жеткізді. Дарынды адам, дарынды кәсіпкер болды, - деді Путин өзін-өзі жариялаған Донецк Халық Республикасының басшысы Денис Пушилинмен кездесуінде.

Айта кетейік, 23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жеке меншік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушысы әрі көшбасшысы Евгений Пригожин де болған.

Пікірлер