Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады

5010
Adyrna.kz Telegram

Елімізде жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары — Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бұл мәселе бойынша қоғамда түрлі наразылықтың болғанын мәлімдеді. Айтуынша, мұндай инновацияларды енгізбес бұрын мұқият дайындық қажет.

«Осындай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет. Министрліктің шешімі дұрыс, бірақ асығыс қабылданған деп санаймын. Осыған байланысты биылғы оқу жылын 25 мамырда аяқтау арқылы 34 апталық оқу жылына қайтару дұрыс болады»,—деді ол білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Сондай-ақ министр оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту мәселесіне 2025 жылдан кейін оралу қажет екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 оқу жылы 36 аптаға созылған еді. Биыл мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау 31 мамыр күні соғылды.

Пікірлер