Шымкентте ер адам 6 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

1819
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 44 жастағы ер адам 6 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық жағдай 21 тамыз күні қыздың анасы ауруханада жатқан кезде болған. Бұл оқиға туралы бүлдіршін анасына тек келесі күні айтып берген.

Әйел бірден Тұран аудандық полиция басқармасына жүгінген. Полицейлер дереу жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстаған. Тексеріс барысында ер адамның пәтерінен 4 келі марихуана мен пластикалық бөтелкелер табылды.

Қазіргі таңда жәбірленуші қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер