Қырғызстан билігі мешіттерді жаппақшы

3384
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда санитарлық тексеруден өтпеген барлық мешіт жабылады. Бұл туралы бүгін, 25 тамызда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарма діни мекемелерді тексеру Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқанын айтты.

«Кейбір мешітте, атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамау бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Жақын арада республикалық деңгейде тексеру ұйымдастырылады. Жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуына байланысты келеңсіз салдардың алдын алу үшін стандарттарға сәйкес келмейтін мешіттер жабылады»,—деп түсіндірді комитет.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда 60 мешіт пен медресе жабылғанын жазған едік.

Пікірлер