Алматыдағы барахолка тағы да өртенді

1580
Adyrna.kz Telegram

Алматыда барахолка базары тағы да өртке оранды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

ТЖД мәліметі бойынша, 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, "Алмалы" базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндірді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.

Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ,  - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Пікірлер