«Мен ешқашан тегін алмаймын». Тоқаев тәжік қолөнершісі ұсынған сыйлықты алмады

2089
Adyrna.kz Telegram
Фото: Президенттің баспасөз қызметі
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада басталған Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесінде қолөнершінің ұсынған сыйлығын тегін алудан бас тартты. Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кездесу барысында Тоқаев пен Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларымен танысып, палаудың да дәмін көрді.

Көрме кезінде тәжік қолөнершісі Қазақстан президентіне былғарыдан жасалған әмиянға ұқсас бұйымды сыйға тартты. Алайда Тоқаев оны тегін алудан бас тартты.

Мен ешқашан тегін алмаймын. Қазақстандағы көрмелер кезінде де барлығына ақша төлеймін, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Тәжікстан президент Эмомали Рахмон Қазақстанда жұмыс сапарымен келді. Бүгін екі елдің президенттері Астанадағы жаңа мешітке барды. Ал жәрмеңкеден кейін Рахмонға цифрлық үкімет кеңсесі таныстырылды. Кездесу кезінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат аясында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Тәжікстанның өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігімен электрондық үкімет платформасын жүзеге асыру тәжірибесін бөліседі.

Пікірлер