Ойы жүйрік ойыншы. Бибісара Асаубаева елдің ең үздік шахматшысы атанды

1769
Adyrna.kz Telegram
Бибісара Асаубаева - Қазақстандағы үздік шахматшылар рейтингіcінде көш бастады. 19 жастағы ақыл-ойдың "алыбы" мұндай биікке Әбу-Даби фестивалінде жеткен жеңісінен кейін қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әбу-Дабиде шахматтан өткен ірі фестиваль өз мәресіне жетті. Бибісара Асаубаева әйелдер арасында чемпион атанды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы in Aktau сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестиваль барысында Асаубаева мүмкін 9 ұпайдың 5,5 ұпайын жинады. Осы көрсеткіші арқылы 19 жастағы отандасымыз еліміздің шахматшылар рейтингісінде бірінші орынға бір-ақ көтерілді.

Сәуір айында блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. Ол мұндай атаққа ие республикамыздағы алғашқы шахматшы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер