Пригожиннен кейін. Австралияда АҚШ әскерилері мінген тікұшақ апатқа ұшырады

1236
Adyrna.kz Telegram

Апатқа ұшыраған америкалық Osprey конвертопланы (тікұшағы) Австралиядағы әскери жаттығуларға қатысқан. Әуе кемесі Мелвилл аралының аумағына құлады. Бортта 20 шақты адам болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

АҚШ-тың 2о шақты әскери қызметкері мінген ұшақ Австралияда апатқа ұшырады. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Оқиға 27 тамызда таңертең Дарвин қаласының маңында болды. Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Австралияның Қорғаныс министрлігі Osprey тікұшағының (конвертоплан) ішінде американдық әскери қызметшілер болғанын растады. Австралиялық сарбаздардың зардап шекпегенін хабарлады.

Австралиялық ABC қоғамдық телерадиокомпаниясының мәліметі бойынша, үш адам құтқарылған. Оның біреуі ауыр жағдайда жатыр, екеуінің жағдайы - бірқалыпты.

"Гвардиан" басылымы АҚШ-тың 150-ге жуық теңіз-жаяу әскері Дарвинде екенін жазды. Олардың Австралия мен Филиппин әскерлерімен бірге әскери жаттығуларға қатысатынын атап өтті.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай 23 тамыз күні Ресейдің Тверь облысында болды. Онда  Бортта "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен оның оң қолы Дмитрий Уткин болғаны айтылатын ұшақ апатқа ұшыраған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер