Өрт сөндіру түтігін ұрлаған азамат ұсталды

1584
Adyrna.kz Telegram

Астанада өрт сөндіру түтігін ұрлаған адам ұсталды, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Астана қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астаналық полицейлер өрт сөндіру түтіктерін ұрлаумен айналысқан 33 жастағы ер адамды анықтады.

Тергеу барысында ер адам түнгі уақытта Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үйдің подъезіне кірген. Жақын маңда ешкім жоқ екеніне көз жеткізген ұры арнайы орында сақталған өрт сөндіру түтіктерін ұрлауға кіріскен. Ер адам тоғыз дана өрт сөндіру түтігін жымқырып, ұрланған затты базарға апарып сатып үлгергені белгілі болды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Пікірлер