Шымкент тұрғыны прокуратура ғимаратында өзін өртемек болған

1788
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік тұрғын прокуратура ғимаратында өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, арызданушы қылмыстық істердің біріндегі процессуалдық шешіммен келіспейтіндіктерін білдіріп, прокуратура ғимаратына келген болып шықты. Олар Шымкент прокурорының жеке қабылдауын талап еткен. Бөлім қызметкерлері наразы азаматтарға түсіндірме жұмысын жүргізген.

"Шымкент қалалық прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында келушілердің бірі үстіне жанармай құйып, өзін-өзі өртеп жібермек болған. Прокуратураның уақтылы жедел әрекет етуінің арқасында өзін-өзі өртеп жіберудің алдын алынды", - деді хабарламада.

Пікірлер