Франция мектептерінде еденге дейінгі абайяға тыйым салынды

1580
Adyrna.kz Telegram

Франция мемлекеттік мектептері абайя киіміне тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Франциядағы білім бөлімінің басшысы Габриэль Аттал абайя киюге тыйым салған. Ұзын әрі жабық киімнің зайырлы заңдарға қайшы келетінімен түсіндірді. Бұл елде 2004 жылдан бері мектептерде орамал тағуға тыйым салынғаны тағы бар.

"Сыныпқа кіргенде, студенттердің дінін оларға қарап айта алмау керек. Сондықтан мен енді абайя киюге болмайды деп шештім", - деп хабарлады Аттал.

Білім министрінің бұл жарлығы 4 қыркүйектен бастап күшіне енбек.

Тыйым салу туралы шешім бірнеше айға созылған пікірталастан кейін қабылданып отыр. Оған мектеп оқушыларының сабаққа абайямен келе бастағаны себеп болды. Францияда киімнің салдарынан саяси бөліну туған.

Пікірлер