“IТ-аудиторияның 90 пайызы орыстілді”. Kolesa Group қазақтілді қолданушыны бұғаттап тастаған

1809
Adyrna.kz Telegram

Жылда ІТ мамандардың басын қосып, жиын өткізетін Kolesa Group компаниясы мемлекеттік тілде мәтін әзірлемегені үшін  дауға қалып отыр, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Dalanews.kz. 

Әлеуметтік желіде  аталған компаниядағы отырыстың тек ресми тілде өткені белгілі болып отыр.

Yerzjan J-n есімді қолданушы Kolesa Conf-ты ұйымдастырушыларға осыған қатысты ескерту жасаған. Азамат екі арадағы диалогты желіге жариялаған да болып шықты.

Оның айтуынша, конференцияның сайты түгелдей орысша, шараға жауаптылар анонстің өзін тек ресми тілде әзірлеген.

Ол қазақ тілінде ақпарат сұратқан. Ұйымдастырушылар: “Kolesa Conf орыс тілінде өтеді, елдегі ІТ-аудиторияның 90 пайызы орыстілді” деп жауап қатқан. Кейіннен “қолайсыз сұрақтар” қойған қолданушыны блоктап тастаған. Kolesa Group мұны “компанияға кибершабуыл жасалды” деп түсіндірген.

“ІТ салада қазақтілді мамандарды бөліп-жару ақылға сия ма? Оларды өз тілінде пікір білдіруге мүмкіндік беретін алаңнан аластатып отыр. Kolesa-ның операторлары менің жанайқайыма құлақ аспай, кеудемнен кері итеруге тырысты. Олар Мухоряповтың қателігінен сабақ алмапты.

Бұл мәселеде үнсіз қалуға болмайды. Өрескел, сорақы жайтты желіге жарияладым. Оны ел-жұрт естіді. Топтағы қазақтілді “айтишниктер” ояна бастады. Kolesa менеджерлері біздің тілге қатысты шағымымызды өшіріп, жаппай бұғаттауға көшті”, – дейді желі қолданушысы Ержан.
Ержан бастаған қазақтілді бірнеше маман жаппай наразылық білдіргеннен кейін компания басшылығы анонсты жарым-жартылай қазақшалап,  жағдайды түсіндіруге тырысқаны белгілі болды.
Пікірлер