Бүгін - Семей полигоны жабылған күн

1873
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. Кезінде Совет одағының саясатымен ашылып, тұтас адамзаттың "тағдырын ойрандаған" Семей полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ядролық қару сынаудың "бейкүнә алаңына" айналған Семей полигоны 1949 жылдың 29 тамызда ашылды.  1953 жылы 12 тамызда осы полигонда дүние жүзіндегі алғашқы термоядролық (сутегі) бомбасы жарылды.

Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 456 ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны  және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп.

Полигон аймағының тұрғындары қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдықты, көбі мүгедек болып қалды.

Семей полигоныны4 жабылуына орай 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/35 қарарымен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні бекітілді. Мұндай бастамаға Қазақстан Республикасы мұрындық болып, Семей сынақ полигонының ресми жабылу күнін негізге алуды ұсынды.

Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер