"Дұрыс шешім". Министр Астанаға келетін адамдарды шектеуге байланысты сұраққа жауап берді

1732
Adyrna.kz Telegram

Министр Тамара Дүйсенова Астанаға келетін адамдарды шектеуге байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі елордаға келетін халықты шектейін деп отыр. Бүгін Үкімет отырысында министр "Адырна" ұлттық порталының журналисі Тамара Дүйсеноваға “Астанаға келетін адамдарды шектеуге қалай қарайсыз?” деп сұрақ қойды.

Министрдің айтуынша, астанаға келетін адамдарды шектеу халықаралық практика. Алайда ол нақты қай елдің тәжірибесіне сүйеніп, мұндай шешім қабылдағанын ашып айтып бере алмады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

“Мысалы әр бір елдің астаналарында адамдардың саны белгілі болады да, сол санға байланысты инфраструктура салынады. Қазіргі таңда бұл мәселе дұрыс шығар деп тұрмын. Себебі мектеп, медицина саласы, жалпы әлеуметтік инфраструктура әлі толық даяр емес. Егер әлеуметтік инфраструктура дайын болса, содан кейін қажетті мүмкіндіктер болатын болса, әрине оны көбейтуге болады. Сондықтан да қазіргі таңда Астана қаласындағы жалпы инфраструктураны есепке ала отырып, бүгінгі таңда дұрыс шешім деп есептеймін, - деді министр.

Тамара Қасымқызының айтуынша, қазір бір үйде әлеуметтік жағдайы нашар 5-6 отбасы тұрып жатыр. Сондықтан ол барлық отбасыларды бір жерде ұстауға болмайтынын ескертті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер