“Соңғы 30 жылда жаңалықтың бәрін жақсылық деп енгізіп алдық” - этнограф-ғалым Тәттігүл Қартаева

3575
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталында этнограф-ғалым, профессор Тәттігүл Қартаева қонақ болды. 

Этнограф-ғалым, профессор Тәттігүл Қартаева «Адырнаға» берген сұхбатында қазіргі салт-дәстүрге діни ағымдардың қалай ықпал етіп жатқанын сараптайды. Әсіресе, неке мәселесіне діни ағымдардың араласуымен өзгерістер еніп, оны көпшілік қабылдап жатқанын айтқан профессор оны құптамайды. Ол ислам дінінің қазақ даласына келуімен қарайлас болған өзгерістер жайында да айтады.

Дегенмен ислам дінінің имам ағзам Әбу Ханифа мәзхабы дінге қарсы келмейтін жоралғыларды бас алып жоққа шығармаған. Алайда ол дінге көзсіз сеніп, радикалды наным-сенімге берілудің жөн еместігін айтады. "Адырна" ұлттық порталының youtube арнасы еліміздегі қызықты оқиғаларды, түрлі ақпараттарды, пайдалы сұхбаттарды жариялап, сіздердің сенімдеріңізден шығады деп үміттенеміз.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер