Алматыда Алматы-Пусан достық концерті өтті

1173
Adyrna.kz Telegram
www.gov.kz
www.gov.kz

Алматы мен Пусан туыстас қалалар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 1 жылдығына орай 24 тамызда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Пусан қалалық дәстүрлі кәріс музыкасы оркестрінің мерекелік концерті өтті.

Сапар аясында Оңтүстік Кореядан келген қонақтар «Медеу» биік таулы спорт кешені мен Алматының інжу-маржаны – «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына барды. Делегация мүшелері қаланың таулы жерлерге жақын орналасуын, курорттардың, көркем шатқалдар мен көлдердің болуын атап өтіп, спорт нысандарына жоғары баға берді.

Алматының туристік әлеуетін арттыру және дамыту қалалық туризм басқармасының басым міндетінің бірі. Шынайы архитектурасы мен бай мәдени өмірін ескере отырып, мегаполисте мәдени-танымдық (музейлерге, театрларға, мәдени іс-шараларға бару), MICE туризм (халықаралық форумдар, конференциялар мен конгрестер), тау (шыңға шығу, альпинистер, сноубордшылар, шаңғы әуесқойлары қауымдастығының кездесулері т.б.), сонымен қатар, гастрономиялық сынды туризмнің сан түрі қатар дамып отыр.

Пікірлер