Евгений Пригожинді жерлеу рәсімі жабық форматта өтті

2354
Adyrna.kz Telegram
Фото: bbc.com
Фото: bbc.com

«Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Санкт-Петербургтегі Порохов зиратында жерленді. Бұл туралы кәсіпкердің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қоштасу жабық форматта өтті. Қоштасқысы келетіндер Порохов зиратына бара алады»,—делінген хабарламада.

Ресей басшысы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың Пригожиннің жерлеу рәсімі туралы Кремльде ешқандай ақпарат болмағанын айтты.

Қоштасу рәсіміне кәсіпкердің туыстары мен «Вагнерді» құруға атсалысқан әріптестері ғана қатысты.

Айта кетейік, Пригожин 23 тамыз кешке әуе апатынан қаза тапқан еді.

Пікірлер