Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешенінен тағы да өрт шықты

2937
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-20.jpeg
Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Төтенше жағдай туралы хабарлама 29 тамызда сағат 19:29-да түскен.
«Өрт 0,8 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз сау сағат 19.49-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ. №2 өрт рангы расталмады»,—деді қалалық төтенше жағдайлар қызметі.
Еске салайық, 2023 жылы 1 тамызда «Ақкент» ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болған еді. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 тұрғын зардап шекті.
Комментарии