Қытай жаңа карталарында Ресейдің бір бөлігін өз аумағы деп көрсеткен — БАҚ

2536
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың «Стандартты карталардың картографиялық қызметі» мемлекеттік сайты 2023 жылға арналған ресми бекітілген географиялық карталардың жаңа жинағын шығарды. Онда Ресей аумақтарының бір бөлігі Қытайдың бөлігі ретінде белгіленген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Қытай мен Ресей (СССР — ред.) 1964 жылдан бері Амурдағы Үлкен Уссурий аралына таласып келеді. 2008 жылы екі ел келісім жасасып, арал екіге бөлінген еді.

Жаңа картада бұл аймақ елдің шығыс жағындағы ең шеткі нүкте ретінде көрсетілген.

«Типтік карта Қытай мен басқа да елдердің шекарасын жобалаудың ұлттық стандарттарына сәйкес жасалған. Жаңа ресми карталар жинағы жаңалықтарда, кітаптарда, жарнамалық материалдарда иллюстрация ретінде пайдалануға арналған. Оларды анықтамалық карта ретінде де пайдалануға болады»,— делінген хабарламада.

Пікірлер