Оралда 53 жастағы әйел 9 күннен бері табылмай жатыр

2343
Adyrna.kz Telegram

Оралда жоғалып кеткен 53 жастағы әйел 9 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жұмағаным Меңешева 21 тамыз күні Ғабдолла Тоқай көшесі 64-мекенжайында орналасқан «Таң» дүкенінен шамамен сағат 11.00-де шығып кеткеннен оралмаған.

Ерекше белгілері: бойы 163 см, арықша келген, қой көзді, қара, қысқа шашты.

Үстіне сұр футболка, қызыл шалбар, аяғына қызыл кроссовка киген. Өзімен бірге ұялы телефоны болған.

Жоғалған әйел туралы ақпарат болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласуға болады.

Пікірлер