"Қара кемпір ескерткіші қаңырап тұр". Тарихи маңызы бар өнер туындысын қайта жаңалау сөз етілді

2035
Adyrna.kz Telegram

Журналист Қали Сәрсенбай "Қара кемпір" ескеркішінің халін жеткізіп, қайта жаңалату қажеттігімен бөлісті, деп жазады "Адырна" порталы. 

Соғыс трагедиясы жайлы жазылған Алтынбек Қоразбаевтың "Қара кемпір" әні ел аузында танымалдылыққа ие болған деседі. Кейіннен Қоразбаев Болат Досжановты ескерткіш авторы етіп өз қаражатына естелік соқтырады. Ендігі мәселе сол ескерткіш жанындағы апамыздың тұрған үйінің қаусаған күйінде қалуы, деп жеткізді журналист.

"Апамыздың тоқал тамы арнайы әйнекпен қоршалып (қазір құрылыс материалының неше атасы бар ғой), айналасын гүлдендіріп, түрлі символкалық көріністерімен кескіндеп, топырағын басқаннан "Қара кемпір" ән толғауы ойнап тұрса, біткен іс сол емес пе? Бүгінгі, келер ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы өлшеусіз бұл ұсынысқа әзірге жергілікті жердегі бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, жантайып жатып жарлық күткен, пайыз қуған пақырлардың зердесі жетер емес. Тағы да айтайын, Алтекенің алтын басын иіп ашпаған есігі қалмады. Қырғыздарға айтамыз ба, қайтеміз?" деді жазба авторы.
Возможно, это изображение памятник
Нет описания фото.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер