"Мені өлді деп жүргендерге!". "Тірі" Пригожиннің жаңа видеосы тарады (ВИДЕО

4820
Adyrna.kz Telegram

“ЧВК Вагнер” Telegram арналарында Евгений Пригожиннің “өлді” деп жариялағандарға сәлем жолдаған видеосы тарады, деп жазады “Адырна”.

“Мен тірімін бе, жоқпын ба, қалай жүрмін дегендерге айтарым, менде демалыс, қазір тамыздың екінші жартысы. Мен Африкадамын. Сондықтан, менің өлгенімді не тірілгенімді, жеке өмірімді, табысымды немесе басқа нәрсені талқылауды ұнататындарға қысқасын айтқанда менде бәрі жақсы, - деді Пригожин видеода.

Вагнер телеграм арнасының авторлары Пригожиннің тірі екені туралы жазады және бортында Вагнер арнасының топ-менеджменті болған ұшақ апатынан кейін видео түсірілгенін жоққа шығармайды.

Дей тұрғанмен ақпарат нақты емес себебі, аталмыш видео Пригожин қайтыс болғанға дейін түсірілген болуы мүмкін. Пригожин камераға «тамыз айының екінші жартысындағы демалыс күндері» деп атауында 19-20 тамызды меңзеуі мүмкін. Ал ұшақ апаты 23 тамызда болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер