Жаңаөзен әкімі Қосуақов «Жигулимен» жүретінін айтты (ВИДЕО)

1734
Adyrna.kz Telegram

Жеке ютуб канал журналисі Асхат Ниязовқа сұхбат берген Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақов қаладағы мәселелер туралы сұраққа жауап беру кезінде жеке басына қатысты ақпараттармен бөлісті, деп жазады “Адырна”.

Сұхбат барысында Айбек Қосуақов Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі, су мен тұрғын үйлердің жай-күйі туралы сауалдарға жауап берген. Ал жол мәселесіне келгенде журналист әкімнің жеке көлігі жайлы сұрады.

“Көлігімнің маркасы «Жигули». Бірақ бұл жерде емес, Ақтауда. Соңғы модельдегі «Жигули». Оның моделі көп қой, «Granta» шығар, «Vesta» емес. Қандай екенін білмеймін әрі көлікті өзім жүргізбеймін. Балалар мінеді. Ақтауда пәтерім де жоқ. Жылжымайтын мүлік мүлде жоқ. Қазір қызметтік пәтерде тұрамын. Түпқарағанда да қызметтік үйде тұрғанмын. Егер мемлекеттік қызметтен кетсем, пәтерді жалға аламын” деді ол.

Айбек Қосуақов жалақысы 700 мың теңге екенін мәлімдеді. Сөзінше, жалақысы қажеттіліктеріне жеткілікті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 

Пікірлер