Әлем чемпионы. Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы финалға шықты

4714
Adyrna.kz Telegram
Фото: tsn.ua
Фото: tsn.ua

Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы  Польшада өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қвзақстан құрамасы жартылай финалда Франция құрамасымен ойнап, жеңіске жетті.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар бар. Енді финалда Қазақстан шахматшылары ½ финалда АҚШ командасын жеңген Грузиямен кездеседі. Матч 11 қыркүйекте сағат 18.00-де басталады.

Айта кетейік, әлем чемпионатына 12 команда қатысуда. Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығып көрген емес.

Пікірлер