"Премьерді де жауапқа тарттық" Тоқаев жемқорларды не күтіп тұрғанын айтты – видео

1950
Adyrna.kz Telegram

Президент елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес кең қанат жайып келе жатқанын мәлімдеді

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

"Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе. Біздің елімізге келер болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда және кең қанат жайып келеді", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жақында тиісті ведомствоның басшысын қабылдап, осыған байланысты жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

"Жалпы сандық және сапалық тұрғыдан алғанда жазалау жөнінен Қазақстан әлемде көш басында тұрған елдердің бірі. Байқасаңыздар, мемлекеттік қызмет жүйесінде жоғары лауазымды адамдар жауапқа тартылған. Олардың арасында премьер-министр, бірқатар министрлер, ведомство басшылары және басқалар бар. Басқа қай елде мұндай жағдай болды? Айту қиын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөз соңында осы жүйелі мәселені шешу үшін күш-жігерін барынша жұмсауға уәде берді.

Sputnik

Пікірлер