Стенд атудан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды

1421
Adyrna.kz Telegram

Стенд атудан  Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының-2022 қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды.

"Трап" бойынша командалық жарыста еліміздің спортшылары үшінші орынға жайғасты. Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина 328 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.

Мәре сызығына бірінші болып қытайлық мергендер жетті. Олардың еншісінде 351 ұпай.

Ал екінші орынға Үндістан 337 ұпаймен ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 27 медаль бар. Біздің спортшылар үш алтын, төрт күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.

Медаль жиынтығы бойынша еліміз 11-ші орында тұр.

Пікірлер