Халықаралық күш қолданбау күні. 2 қазанда Махатма Ганди дүниеге келген

1472
Adyrna.kz Telegram
Фото: Elliott & Fry
Фото: Elliott & Fry

Бүгін - британ басқыншыларына қарсы елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Махатма Гандидің туған күні.

Қайраткердің туған күні 2 қазан, Гандидің идеясына сәйкес xалықаралық деңгейде  "күш қолданбау күні" ретінде атап өтіледі.

Ал Үндістанда бұл күн “Ганди Джаянти” деп аталады. Яғни,  бұл күн - Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Мохандас Карамчанд Гандидің туған күнінің құрметіне Үндістанда ресми түрде Ұлт Әкесі деп аталатын ұлттық мереке. Мереке - Тәуелсіздік пен Республика күнімен қатар ресми түрде жарияланған үш ұлттық мерекенің бірі.

Ганди 1869 жылы 2 қазанда Порбандар қаласында (Гуджарат) дүниеге келген. 1893 жылдан 1914 жылға дейін Оңтүстік Африкада тұрып, нәсілдік кемсітушілікке қарсы қозғалысты басқарды.

1915 жылы Ганди Үндістанға оралып, азаттық күресті басқарды. Ол Үндістан Ұлттық Конгресі (ҮҰК) партиясының идеологиялық жетекшісі болды. Бірнеше рет елінің президенті болып сайланды, зорлық-зомбылық жасамауды уағыздады, индустар мен мұсылмандардың бірлігін, касталық және әлеуметтік теңсіздікті жоюды жақтады.

1942 жылы Ганди Ұлыбританияға қарсы қозғалысты басқарды. Оны британ билігі бірнеше рет тұтқындаған. «Менің өмірім» атты өмірбаяндық кітап жазды. Көзі тірісінде ол Махатма деп аталды, бұл «ұлы жан» дегенді білдіреді. 1948 жылы оны индус фанаты өлтірді.

Гандидің туған күнінде Үндістан Республикасының жетекшілері, түрлі конфессиялардың діни жетекшілері, сондай-ақ Дели тұрғындары жиналады. Жиналғандар гүл шоқтарын қойып, арнайы хорлар, діни гимндер айтады, дін қызметкерлері Бхагавад Гитадан, Құраннан және Жаңа өсиеттен үзінділер оқиды.

Пікірлер