«Зайырлылық пен атеизм». Жаңа зерттеу жарық көрді

1492
Adyrna.kz Telegram

Роза Люксембург қоры Қазақстандағы өкілдігі«Стратегия-әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» бірлесе отырып, «Қазіргі қазақстандық қаладағы атеистер мен атеистік нанымдарды қабылдау: ұрпақтар арасында» атты зерттеу еңбегін шығарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Зерттеу 6 қалада жүргізілген. Бұл қалалар қатарында - Алматы, Шымкент, Ақтау, Жаңаөзен, Қостанай және Рудный бар. Осы қалалар мен облыстарда (Қостанай және Маңғыстау) соңғы санақ деректері бойынша атеистердің ең көбі, сонымен бірге өз діні туралы сұраққа жауап беруден бас тартқандардың жоғары үлесі тіркелген.

Кітапты жазған авторлар ең маңыздысы – Конституцияда өздерін зайырлы мемлекет екенін көрсете отырып, бұл тұжырымдаманы жедел түрде жүзеге асырмағанын, қоғамды бұзуы мүмкін көп бағытты қамтығанын айтады.

«Айтпақшы, тәуелсіз Қазақстанды құрудағы негізгі екі бағытты атап өтуге болады: нарықтық тетіктер бәрін экономикалық тұрғыдан жаңғыртса, дін мейірім мен адамгершілікті қалыптастырады деген жаңылыс екі түсінік болды. Менің ойымша, бұл жұмыс істемейтіні анық», - дейді кітап авторлары.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер