Азия ойындарынан ел қоржынына бесінші алтын түсті

1335
Adyrna.kz Telegram

Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Алексей Луценко Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі.

Осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер