Бас бапкер жартылай финалда жеңілген Асыланбектің жекпе-жегіне пікір білдірді

1633
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Азиада жартылай финалында жеңілген Асыланбек Шымбергеновтің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Халық үнінің мәліметіне сәйкес, бас жаттықтырушы боксшыға жеңісті бермегеніне күйінген.

«Шағым алынбайды. Жақсы дайындалып шықты. Әлем чемпионы ол да, оны да өлтіріп тастай алмайды ғой. Бірақ үш раунд бойы жақсы жекпе-жек өткізді. Жеңісті бермеді. Амал жоқ», - деді бас бапкер.

Айта кетейік, 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асланбек Шымбергенов бүгін төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жапон боксшысы Севон Окадзавадан жеңіліп қалды.

Еске салайық, бүгін тағы бір қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Астана уақытымен сағат 19:00-де жұдырықтасады.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер