Қазақстан Африкамен қатынасты кеңейтуге ниеттеніп отыр

1470
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында жариланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын, Қазақстанның аталған құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін айтты.

Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекет басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растады.

Әңгімелесу барысында президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер