"Салт-дәстүрлерімізге шабуыл көбеюде". Аманжол Әлтай жат сенімдегілерге қатысты заң керектігін айтты

1579
Adyrna.kz Telegram

Депутат Аманжол Әлтай салт-дәстүрімізді бұрмалаушылықтан сақтау керектігін айтты, деп жазады "Адырна". 

Аманжол Әлтай өзіне дейін жолданған депутаттық сауал иелері Қазыбек Иса мен Ермұрат Бапидың сөзін қолдап, қоғамда белең алған түрлі діни теріс ағымдағылардың ісіне заңмен тыйым салы қажеттігін айтты.

"Мемлекет діннен бөлекпіз деп, жат-ағымдардың тайраңдауына жол берілді. Ұлттық құндылықтарымызға, салт-дәстүрімізге шабуылдаушы күштерге «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмады. Өкінішке қарай, етек-жеңімізді жинап, есімізді жия алмай келеміз. Меніңше, біздің мемлекет ретінде араласып, жөнге салатын уақытымыз әлдеқашан келді. Үкімет осыны ойлап нақты қадамдар жасау тиіс. Сөзімнің түйіні! Халықты аздыратын осындай шабуылдарға тоқтау, заңмен тыйым салмасақ болмайды. Салт-дәстүрімізбен, төл мәдениетімізбен үйлесім тапқан дәстүрлі дінімізді жат ағымдармен бұзып алмайық!" деп қосты ол.

 

Пікірлер