Ақтөбенің экс-әкімі аштық жариялады

1601
Adyrna.kz Telegram
Сурет: zakon.kz
Сурет: zakon.kz

Жерді заңсыз сатты деген айыппен сот алдында жауап беріп жатқан Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев аштық жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Экс-шенеунік өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Әйелі Лейла Имантаеваның айтуынша, бұрынғы әкімнің нәр татпағанына жеті күн болған.

«Бүгін мен тергеу изоляторында күйеуіме бардым, оны зембілмен қалай алып шыққанын көрдім. Жағдайы өте ауыр, әрең сөйлейді. Бірақ ақыл-есі дұрыс және қылмыстық істі одан әрі тергеуді талап етуде. Өз құқығының аяққа тапталып жатқанын көріп отырғандықтан, бұндай барып отыр»,—деді ол.

Еске салайық, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев 2023 жылдың ақпанында қамауға алынған болатын. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған деп айыпталып отыр. Экс-әкімге лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, жер учаскелерін өз бағасынан төмен сатты деген айып тағылды. Салдарынан мемлекетке 199,4 млн теңге залал келтірілген.

Пікірлер