Нобель алған Jon Fosse кім?

2531
Adyrna.kz Telegram
Фото: REUTERS
Фото: REUTERS

Биылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын Швед академиясы Jon Fosse-ге берді. Не үшін берді? «жаңашыл пьесалары мен эсселерінің өзіндік үн қатқаны» үшін берді.

64 жастағы Фоссе Норвегияның батыс жағалауында дүниеге келген. Оның шығармашылығы 40-қа жуық пьеса, бірқатар романдар мен эсселерден және балаларға арналған кітаптардан,аудармалардан тұрады.

Комитет автордың «Фоссе минимализмі» деп аталып кеткен стилін жоғары бағалапты. Бұл да дұрыс шешім деп ойлаймыз.

«Фоссе біздің өміріміздегі құбылмалы да  күнделікті жағдайларды шығармашылығына арқау етіпті. Оның әдеби тілде өзінше шебер жазуы мен драматургиялық қуаты әрекеті адамның ең күшті уайымы мен әлсіздік эмоцияларын қарапайым сөзбен жеткізген», - деді комитет сарапшысы.

Оның негізгі шығармасы – «Септология» деп аталатын бір томға топтастырылған жеті шығармасы – дін, болмыс, өнер және отбасылық өмір шындығын негізге алып,жалғыз басты қартайған суретші мен жесір әйелдің тарихын баяндайды.

800 беттен тұратын «Септология» ресми эксперименті үшін жоғары бағаланды. Фоссенің медитациялық прозасы өзіндік стилге ие екенін мойындатты.

Йон Фоссе Норвегияның Хаузесунд қаласында дүниеге келген. Жеті жасында ауыр апат оны өлім аузынан алып қалған. Ол Берген университетіне оқуға түсіп, салыстырмалы әдебиетті зерттеді, кейін бір жола шығармашылықпен айналысты. Оның дебюттік романы "Қызыл, Қара" 1983 жылы жарық көрді. Ал драматургиядағы алғашқы шығармасы "Біз ешқашан бөлінбейміз" деп аталады. Аталған шығарма 1994 жылы қойылды. Фоссенің кітаптары  қырықтан астам тілге аударылған.

Дүйсенәлі Әлімақын

Пікірлер