«Назарбаев яхтасына» жарты миллиард теңгеге жуық ақша жұмсалғаны айтылды

2455
Adyrna.kz Telegram
Фото: Protenge
Фото: Protenge

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тапсырмасы бойынша «Назарбаев яхтасына» жарты миллиард теңгеге жуық ақша жұмсалған. Бұл туралы Protenge Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ұлттық компания «Назарбаев яхтасын» өзінің акционері «ҚазМұнайГаздың» атынан 488 миллион теңгеге сатып алған. Біз Санкт-Петербургте кездейсоқ «Назарбаев яхтасын» тауып алып, бұл яхтаның Қазақстанға қатысы бар-жоғын тексеруді жөн көрдік. Осылайша яхта 2007 жылы «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме қатынасы компаниясы ("Қазмұнайгаздың" еншілес кәсіпорны) 488 миллион теңгеге сатып алған «Нұртау» яхтасы екені белгілі болды»,—делінген хабарламада.

Айтуларынша, яхта мұнай тасымалдауға жарамсыз.

«Біз «Қазтеңізкөлікфлоты» мекемесіне бұл яхтаның не үшін қажет болғанын анықтау үшін сұрау тастадық. Сондай-ақ Бас прокуратурадан мемлекеттік компанияның серуендеу яхтасын сатып алуға құқығы бар-жоғын және оның не үшін қажет екенін тексеруді сұрадық. Басқарма сұраққа жауап берудің орнына өтінішті «Самұрық-Қазынаға» (ҚазМұнайГаздың негізгі акционері) бағыттады. Демек бұл сатып алудың орындылығын ешкім тексермегенін білдіреді»,—деп жазды Protenge.

Пікірлер