Оқушының басын тақтаға ұрған мұғалім жұмыстан босатылды (ВИДЕО)

2166
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының білім басқармасы оқушының басын тақтаға ұрған мұғалімнің жұмысынан босатылғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін желіде педагогтің әрекеті қызу талқыланған еді.

Басқарманың айтуынша, оқиға И.Құтпанұлы атындағы мектепте болған.

«2023 жылғы 5 қазанда мектептің тарих пәні мұғалімінің іс-әрекеті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Кеңес мектеп директорына тәрбие функцияларын орындайтын қызметкердің әдепсіз теріс қылық жасағаны үшін осы жұмысты жалғастыруға сәйкес келмейтін мұғалімді қызметінен босатуды ұсынды»,—делінген хабарламада.

Тарих пәнінің мұғалімі Еңбек Кодексі негізінде жұмыстан босатылды. Ал мектеп директоры қол астындағы мұғалімнің педагогикалық этика нормаларын сақтауын жеткіліксіз бақылағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық,  5 қазанда Қазнетте мұғалімнің оқушының басын тақтаға ұрған видеосы пайда болды.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by OZGERIS (@ozgerisinfo)

<

Пікірлер