Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтың 72 мүшесін ұстады

1996
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтың 72 мүшесін ұстады. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Комитет полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді»,—делінген хабарламада.

Топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Пікірлер