Қазақстанның 13 облысында ұн қымбаттады

1708
Adyrna.kz Telegram
Фото: den-der.kz
Фото: den-der.kz

Қазақстанның 13 облысында ұн қымбаттады. Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте биылғы жылдың 9 айындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі тәуекелдер талқыланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бағаның көтерілуіне бидайдың қымбаттауы мен Ресейден дәнді дақылдарды экспорттауға тыйым салу себеп болған.

19-26 қыркүйек аралығында ұн бағасы 0,6%-ға көтерілді. Сәйкесінше  дүкендерде нан да 0,2%-ға қымбаттаған. Бағаның бұлай өсуі соңғы 14 аптада алғаш рет болып отыр.

Ұнның қымбаттағаны әсіресе оңтүстікте байқалады. Мәселен, Шымкентте бір қап ұнның бағасы бір аптада 12 мың теңгеден 17 мыңға жеткен.

Пікірлер