Азия ойындары. Ел қоржынында 10 алтын болды

1538
Adyrna.kz Telegram
фото: Sports.kz.
фото: Sports.kz.

Қазақстандық каратэші София Беряльцева Ханчжоуда өткен Азия ойындарында оныншы алтын медальді еншіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалдық кездесуде непалдық қарсыласы Арика Гурунгқа қарсы шықты. Жекпе-жек нәтижесінде 3:0 есебімен Берульцева жеңіске жетті. Осылайша, ол «алтын», ал Гурунг күміс жүлденің иегері атанды.

Енді Қазақстанның Азиада-2023 медаль қоржынында 74 марапат бар: он алтын, 20 күміс және 44 қола.

Айта кетейік, Софья Берульцева-2020 жылғы Токио Олимпиадасы мен 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ екі дүркін Азия чемпионы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер