Еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшері қанша?

1278
Adyrna.kz Telegram
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

 Зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дан кестеге сәйкес ай сайынғы ең жоғары төлем мөлшері шамамен 743 мың теңгені құрайды", - делінген ресми сауалға берілген жауапта.

Сондай-ақ БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленіп, Қазақстандағы ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

"2023 жылы 4 151 салымшы жеке зейнетақы шоттарына ең жоғары 350 мың теңге сомасында 5 міндетті зейнетақы жарнасын аударды. Осылайша, 2023 жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге тең, яғни ОПВ 350 мың теңгені құрайды", - деп қорытындылады ведомство.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер