ХАМАС-тың құрбаны. Nature Party музыка фестиваліне қатысқан бір топ бойжеткен жоғалған

2144
Adyrna.kz Telegram
smi24.kz
smi24.kz

ХАМАС-тың құрбаны болған қызды ата-анасы әлеуметтік желіде тараған видео арқылы таныған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі arbat.media-ға сілтеме жасап. 

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстан зардап шеккендер қатары көбеюде. Соның ішінде 20 жастағы бойжеткендердің де ХАМАС тобының айласына түсіп қалғаны белгілі болды.

Әлеуметтік желіде адам ұрлау видеосы тарап кеткеннен кейін Шани есімді қыз баланы ата-анасы танып қалған.

Ұрланған қыз 20 жастағы Шани Лук болып шықты. Оны татуировкасы мен шашынан танитын ата-анасы қызымен соңғы уақытта хабарласа алмаған. Анықталғандай, ХАМАС құрбаны Газа секторымен шекараға жақын жерде өткен Nature Party музыка фестиваліне қатысқан.

Бейнежазбаға қарағанда, қызды қатты соққыға жыққан әрі  кадрлардан жәбірленушінің аяқтары сынғанын көруге болады. Шаниден басқа 10-нан астам қыз фестивальден кейін жоқ болып кеткен.

Олардың арасында Елизавета Прудникова есімді бойжеткен бар. Сонымен қатар, ұрланған тағы бір қызды анықтау мүмкін болды, ол Бен-Гурион Ноа Аргаманидің студенті болып шықты.

Еске салайық, 7 қазанда қарулы топтар Газа секторынан Израиль аумағына басып кірген болатын. Израиль қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шабуылдың ошағы Сдерот қаласы болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда қарулы топтардың пулеметпен оқ жаудырып жатқаны көрінеді.

Пікірлер