Өз құрдасын өлтірген. Семейде жасөспірім сотталды

1984
Adyrna.kz Telegram
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Семейде өз құрдасын өлтірген кәмелетке толмаған балаға үкім шықты. Бұл туралы Аbainews.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға маусым айында “Мұрат” саяжайында болған. Екі кәмелетке толмаған жасөспірім болмашы мәселе үшін жанжалға түсіп, жанжал барысында олардың бірі қарсыласының мойынына пышақпен ұрған. Соңғысы алған жарақатынан қайтыс болған. 

2023 жылғы 18 қыркүйекте Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған А. ҚК-нің 99 – бабы 3 – бөлігі бойынша (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесіне белгіленген. Үкім заңды күшіне енген жоқ,- делінген хабарламада. 

Пікірлер