Медқызмет алғандар арасында марқұмдар да бар - Бақытжан Базарбек

1698
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Жемқорлықпен жүйелі түрде күреспесе, мемлекеттің денсаулық сақтау саясаты құрдымға кетеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  

Ол медициналық қызметке тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

“Мәселен, 2023 жылы Астана қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2500 адам негізсіз қызмет алған, олардың арасында марқұмдар да бар. Іс жүзінде олар ауырмаған, тіпті кейбірі қайтыс болып кеткен. Кейбірі Астана қаласында тұрмайды. Алайда олар медициналық қызмет алып жүрген. Салдарынан бюджетке жүздеген млн теңге шығын келтірілген. Олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық іс қайда? Сіз айтқан қылмыстық істер қайда? Мұнда мемлекет қаржысы жымқырылды. Сондықтан қылмыстық іс қозғау керек”, - деді депутат Мәжілістегі үкімет сағатында.

Пікірлер