Орал балабақшасындағы оқыс жағдай. Үш жасар қызды күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр

1692
Adyrna.kz Telegram

Оралда үш жасар қыз бала бақшада ауыр күйік алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды "Адырна" порталы «Мой город»-қа сілтеп.

«Оқиға 10 қазан күні Солтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасқан «Балбөбек» балабақшасында болды. Баланың анасының айтуынша, түскі уақытта оған мектепке дейінгі мекемеден телефон соғып, тез арада келуін сұраған. Оқиға орнына жеткен әйел қызының күйіп қалғанын көрді», - делінген сәрсенбі күні хабарда.

Баланың бетін, қолын және екі аяғын күйік шалған.

«Жедел жәрдем келіп, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Бізге қайнаған көже бергені үшін балабақшаның бүкіл басшылығы мен аспаздар жазаланса екен деймін. Қайнап тұрған көжені бір бала итеріп жіберген. Күтуші қайда қараған? Тәрбиешілер қайда болды? Аспаздар қайда қарап тұрды? – деп жазды әйел әлеуметтік желіде.

Балабақша әдіскері баланың ортаңғы топқа барғанына бір ай ғана болғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдем станциясына қоңырау сағат 12.33-те түскен. Мұғалімдер баланың сорпаны абайсызда үстіне төгіп алғанын хабарлады.

«Үш жасар қыздың басы, кеудесі, оң, сол және оң жамбасынан жоғарғы және төменгі жақтары термиялық күйік алған. Ол қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Терінің 20-25 пайызын күйік шалған», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Ал, Орал қалалық білім бөлімі өрескел заң бұзушылыққа жол берген мұғалім мен күтуші жұмыстан босатылатынын хабарлады. Ал басшының міндетін атқарушы «қатаң сөгіс» алады», - деп толықтырды басылым.

Пікірлер