“Министрмен қоса қуып шығамыз”. Жер мәселесін көтерген депутат төрағадан ескерту алды

2010
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутат Бақытжан Базарбекке агрессия және әдепсіз әрекеті үшін ескерту жасады, деп жазады "Адырна" порталы.

«Егер жұмыс істей алмасаңыздар, біз депутаттармен бірге сізді министрмен қоса министрліктен қуып шығамыз. Біз аямаймыз», - деді Базарбек сәрсенбі күні Мәжіліс отырысында вице-министр Әбілқайыр Тамабекке.

Бұл мәлімдемеге жауап ретінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «өзін-өзі ұсынған кандидатқа» ескерту жасады.

«Бақытжан Жұмабекұлы, бірінші кезекте, депутаттық этика деген бар. Сіз қатты кетпеңіз. Агрессиясыз сөйлеңіз. Екіншіден, мен жақтап отырған жоқпын, сіз қойған сұрақ дұрыс, 10 миллион гектардай жер қайтарылды, бұл бірінші кезекте, «Жер Аманаты» комиссиясының жұмысы. Солай ма? Ал сіздің сұрағыңыз, жер әділ түрде бөлінді ме, әлде әділетсіз бе? Бұл, біріншіден, жергілікті атқарушы органдарға, екіншіден, уәкілетті органдарға, олардың жауапкершілігіне қатысты мәселе», - деп атап өтті төменгі палата төрағасы.

Ол «Жер аманаты» комиссиясының құрамына Бас прокуратура, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, жер ресурстары комитетінің басшысы, депутаттар, қоғам өкілдері кіретінін еске салды.

«Сіз осы комиссияның жетекшілерінің бірісіз, сондықтан мен сіздерге «жалынды сәлем» жеткізгім келеді – Жер Аманаты комиссиясында осы жерлерді одан әрі әділ бөлу мәселелері бойынша барлық өкілеттіктер бар. Келісесіздер ме? Сондықтан бұл мәселені жергілікті билік қарауы керек, бұл жерде министрліктің де жауапкершілігі бар, сонымен бірге комиссия – жерді қайтару және бөлу мәселелері бойынша сіз де жауаптысыз. Сіздің құрамыңызға Бас прокуратураның өкілдері енгізілген. Тағы да қайталаймын, комиссия құрамына барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Бірақ, Бақытжан Жұмабекұлы, сұрақ қойғанда, бұл бірінші рет емес, мен палата басшысы ретінде регламенттің сақталуын қадағалай отырып, сізге ескерту жасаймын», - деді Қошанов.

Айта кетейік, «Жер аманаты» - Мәжіліске өзін-өзі ұсынған Бақытжан Базарбек мүше болған «Аманат» партиясының комиссиясы.

Пікірлер