Азиада чемпионы президентті тойына шақырды

2229
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-11_202437070.png
Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Әсем Орынбай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты тойына шақырды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Қазақстандық Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында жұлдыздардың біріне айналып, Ақордада Мемлекет басшысымен кездесуінде спорттың арқасында болған тағдырлы кездесу туралы айтты. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, спорттың арқасында мен өзімнің болашақ жарымды кездестірдім. Ол да спортшы, қараша айында тойды жоспарлап отырмыз және сізді біздің тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз», - деді спортшы президентке.  
Комментарии