«Халық жазушысы» атағын алғандарға қанша теңге беріледі?

1798
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы ақшамы
фото: Алматы ақшамы

«Халық жазушысы» атағын алғандарға 17 954 теңгеден берілетін болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы baq.kz сайтына сілтеп.

Вице-министрдің айтуынга, мемлекеттік мекемелерде қызмет етіп жүрген «Қазақстанның халық жазушысы» атағын алғандарға тиісті үстемақы қарастырылған.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы – еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және әдебиет саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі. Сондай-ақ ұлт әдебиетін жаңа деңгейге көтерген, әдеби шығармашылық ортаның ең жоғарғы сыйлығын алады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Бұл атақ Республика күні қарсаңында берілмек.

«Халық жазушысы» атағы – дебиет саласындағы ең жоғары атақ. Үкіметтің тиісті қаулысы бар. Бұл тұрғыда ол кісілер мемлекеттік мекемеде жұмыс істесе, онда тиісті үстемақы төленеді. Ал жұмыс істемесе төлем жасалмайды. Жалпы, бұл ретте ешқандай қаржылық есетеулер қарастырылмаған. Бұл кісілер Мәдениет және ақпарат министрлігінің тиісті мемлекеттік мекемелерінде қызмет етсе, 17 954 теңге сомасындағы үстемақыны алады, - деді вице-министр.

Пікірлер